Sauynaitu

Дизайнерлерге

Шақыруларды тапсырыспен жасайсыз ба — дайын платформада істеңіз

Клиентті өзіңіз табасыз, бағаны өзіңіз қоясыз. Біз шаблон, құрастырғыш, хостинг және қонақтармен жұмысты береміз. Тек жарияланым үшін төлейсіз.

WhatsApp-та жауап беріп, кабинет ашамыз — әдетте сол күні.

Шарттар

Жарияланым — 490 ₸
Шақыру клиентке кеткенде балансыңыздан алынады. Жобалар, құрастырғыш және алдын ала қарау тегін.
Балансқа 5 000 ₸ салым
Бұл бізге төлем емес, жарияланымдарға арналған өз ақшаңыз. Салымнан кейінгі бірінші жарияланым — сыйлық.
Клиентке бағаны өзіңіз қоясыз
5 000 да, 15 000 ₸ да — бұл сіздің жұмысыңыз, сіздің табысыңыз. Клиентіңізбен қатынасқа біз кірмейміз.

Не аласыз

Дайын шаблондар және еркін холст

Тапсырысты біздің дизайнда жинайсыз немесе өзіңіз саласыз: бос бетке блок, координат, түс және қаріп қоясыз.

Жұмыс кабинеті

Тапсырыстар, баланс және шығыстар бір жерде. Өткен тапсырыс толық көшіріледі — ұқсас той минутта жиналады.

Логотипі бар өз бетіңіз

Мекенжайда ник, өз логотипіңіз мен мәтініңіз — портфолио орнына сілтемесін клиентке беруге болады.

Қонақтармен бүкіл жұмыс

Атаулы шақырулар, қонақ жауаптары, үндемегендерге еске салу және тойханаға тізім. Тапсырыс беруші бір сілтеме алып, өзі істейді.

Хостинг және сілтемелер бізде

Шақыру төрт тілде ашылады, сілтеме мерзімсіз жұмыс істейді, WhatsApp-тағы мұқаба өзі салынады.

Клиент сіздің клиентіңіз болып қалады

Шақыру клиенттің өзіне тиесілі, бірақ мәтін мен фотоны ол тек сіздің рұқсатыңызбен өзгертеді — сіз жартыкеш емес, дайын жұмыс тапсырасыз. Жариялау мен төлем де сізде: клиент балансыңызды жұмсай алмайды.

Кімге қолайлы

Шақыруларды қазірдің өзінде тапсырыспен жасайтындарға — Tilda-да, стористе, қолмен. Айына бір той өзіңізге жинасаңыз, әдеттегі клиент ретінде шақыру сатып алу арзанырақ.

Барлық үлгілер →